• 001

Мейрамхана туралы

Алматыдағы «Салон Вкуса» мейрамханасы 2013 жылдан бастап жұмыс жасай бастады.

Салон Вкуса -  Еуразиядағы үздік ''Жайлау'' гольф курортының аумағында орналасқан, шағын, тыныш әрі жайлы шарапхана.

Өзіне тән еркін келбетті бұл орын бизнес кездесулер өткізу үшін де, жақындарың мен достарыңның арасындағы жанұялық кештер өткізу үшін де керемет сай келеді.  Бұл жерде сіздерге біздің бас аспазшыларымыз

Владислав Гумаров мен Бурул Дондокееваның авторлық интерпретацияларымен әзірленген еуропалық ас үйінің тағамдары ұсынылады. Балғын теңіз өнімдері мен етті, нәзік ірімшіктерді, әртүрлі пасталарды, ризотто және ең дәмді десерттерді біздің аспазшыларымыз таза ауада, сіздің көзіңізше әзірлейді.

Бүкіл әлемнен жиналған төрт жүз шараптан тұратын шарап картасына ерекше назар аударамыз, оған сондай-ақ кез-келген талғамға шақталған спирттік сусындар да кіреді.

Біздің мейрамханамызда сіз әрдайым балғын ірімшіктер, шұжықтар, нан, италиялық консервілер мен паста, паштеттер, тұздықтар, әртүрлі еуропалық тәттіліктер мен біздің ас үйімізде әзірленген үй десерттерін ала аласыз.